Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік тұрғын Нұр-Сұлтан даңғылындағы 10 кәріз құдығының қақпағын ұрлап кетті

Опубликовано:

кәріз құдығы
Көрнекі фото: 24.kz

Шымкент тұрғыны Нұр-Сұлтан даңғылындағы 10 кәріз құдығының қақпағын ұрлап кеткен. 31 жастағы жігіт оңай олжаларын сатып үлгерген болып шықты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Оқиға 16 мамыр күні белгілі болған. Қаратау аудандық ПБ-ына қаладағы мемлекеттік мекемелердің бірінен хабарлама келіп түскен.

Шағым түсіруші белгісіз біреудің Нұр-Сұлтан даңғылы бойындағы шойын кәріз құдығының 10 дана қақпағын ұрлап кеткенін көрсеткен. Оның жалпы құны 361,520 теңгені құраған.

Полицейлер жүргізген жедел-іздестірушаралары барысында Шымкенттің 31 жастағы тұрғыны күдікті ретінде ұсталды.

Бұрын сотты болмаған ер азаматтың бұдан өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталуда.

Шымкент қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913157-symkenttik-turgyn-nur-sultan-dangylyndagy-10-kariz-qudygynyn-qaqpagyn-urlap-ketti/

pixel