RU

Құны жарты млрд теңге: Нұр-Сұлтандағы әуежай қоймасынан иесіз ұшу аппараттары табылды

әуежай11
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Құны жарты миллиард теңгені құрайтын ұшқышсыз ұшу аппараттары 2013 жылдан бері "Нұр-Сұлтан" әуежайындағы уақытша сақтау қоймасында жатқаны анықталды, деп хабарлайды Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қаласының авиациялық көлік прокуратурасы "Астана әуежай" кеден бекетінің уақытша сақтау қоймасынан 3 ұшқышсыз ұшу аппараты мен оның құрылғыларын тапты.

"Прокурорлық тексеру көрсеткендей, құны 548 686 648 теңгені құрайтын бұл құрылғылар қабылдаушы тарап бас тартқан соң, 2013 жылы осы жерге жеткізілген. Мамандардың алдын-ала қорытындысы бойынша, жабдық әлі де жарамды және оны азаматтық авиацияда қолдануға болады",  – делінген хабарламада.

Алайда 2013 жылдан бастап уәкілетті органдар тауарларды иесіз деп тану және мемлекет кірісіне алу бойынша ешқандай шара қолданбаған.

Авиациялық прокуратураның талап арызы бойынша Нұр-Сұлтан қаласындағы Есіл аудандық сотының шешімімен ұшқышсыз ұшу аппараттары иесіз деп танылып, мемлекет кірісіне алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913159-quny-zarty-mlrd-tenge-nur-sultandagy-auezai-qoimasynan-iesiz-usu-apparattary-tabyldy/