Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Карантинді сақтамаған мектептерге 66,9 млн теңге айыппұл салынды

Опубликовано:

Мектеп
Көрнекі фото: zakon.kz

Карантин талаптарын сақтамаған ел мектептеріне 67 млн теңгеге жуық айыппұл салынды. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінен мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Республика бойынша 2021 жылдың 1 сәуірі мен 12 мамыры аралығында санитарлық ережелер талаптарының, карантин режимінің қаншалықты сақталатынын бақылау мақсатында 2660 тексеру шарасы жүргізілді. Тексеріс барысында 502 мектепте талаптарды бұзу оқиғалары анықталды (18,8%).
Мектептерде карантин режимі талаптарын бұзудың негізгі жағдайларына таңғы сүзгінің өткізілмеуі, қызметкерлердің бетпердені тақпауы, тиісті ара қашықтықтың белгіленбеуі, ғимараттарда ылғалды тазалау және дезинфекциялық шараларын өткізудің бұзылуы, сыныптарда парталардың арасындағы қашықтықтың сақталмауы, бактерицидтік шамдар, санитайзерлер мен дезинфекциялық құралдар санының жеткіліксіздігі, қолданылған бетперделерді жинауға арналған құтылардың жоқтығы жатады»" , - деді министрліктен.

Анықталған фактілер бойынша ҚР ӘҚК 425-бабы 1-бөлігі бойынша 773 адамға айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 66 977 844 теңгені құрайды. Мұнымен қоса, олқылықтарды жоюға қатысты 688 ұйғарым шығарылды. Олардың 321-сі (45,3%) орындалды (367 ұйғарымның мерзімі өткен жоқ).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913236-karantindi-saqtamagan-mektepterge-669-mln-tenge-aiyppul-salyndy/

pixel