Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында теміржол бойында тоқ соққан ер адам көз жұмды

Опубликовано:

Темір жол
Көрнекі фото: pixabay.com

Электр монтері болып жұмыс істеген ер адам тоққа соғылып көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"18 мамыр күні полицияға сағат 09:50-де полицияға Железин ауданындағы теміржол жол бойында, Веселая роза ауылынан үш шақырым жерде ер адамның мүрдесі табылғаны туралы ақпарат келіп түскен" , - деп хабарлады Павлодар облыстық полиция департаменті.

Электр монтері болып жұмыс істеген ер адам кернеуі жоғары желіде жұмыс орындау кезінде тоқ түскен. Оқиғаға куәгер болғандар бар.

Аталған фактімен тексеру жұмыстары мен сот-медициналық сараптама белгіленген.

Айта кетейік, бұған дейін 17 мамырдаАлматыда сауда орталығының жанынан ер адамның мәйіті табылғанын жазған болатынбыз.

Полиция қызметкерлері кейіннен марқұмның кім екенін анықтады. Олар ер адамның өз ажалымен өмірден озбағанына сенімді. Себебі, оқиға орнынан қанның іздерін байқалыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1913266-pavlodar-oblysynda-temirzol-boiynda-er-adam-toqqa-sogylyp-koz-zumdy/

pixel