Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда қысқа көйлек киген қыздың ұсталған сәті видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Задержание девушки в Павлодаре
Кадр: instagram.com/tipavlo

Павлодар қаласының аулаларының бірінде 20 жастағы бойжеткенді тәртіп сақшылары ұстады. Оның үстінен көпқабатты тұрғын үйдің тұрғындары шағымданған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде екі полиция қызметкерінің бойжеткенді Павлодардағы саябақта қолтықтап сүйреп бара жатқаны бейнеленген видео тарады.

Кадрдан қысқа киінген арудың тәртіп сақшыларының қолынан сытылып шығуға әрекеттенгенін, жалаңаш денесін көрсетуден қымсынбағанын, құқық қорғау саласының мамандарына бейәдеп сөздер айтқанын байқау қиын емес.

Видеоның жазбасында "шаһарды басына көтерген" бойжеткеннің колледж студенті екені көрсетілген.

Павлодар облысының полиция департаменті жергілікті тұрғындардың шақыруы бойынша Кривенко көшесінде орналасқан 49-үйге кеткендерін хабарлады.

"Шамамен 23.07-де Павлодар қаласының полициясына көпқабатты үйдің тұрғындарынан жат қылық көрсеткен қыз туралы хабарлама түскен. Осы мекенжайға автопатруль жіберілді.

Полиция 2001 жылы туған қыздың алкогольді сусын тұтынғанын, жат қылық көрсеткенін, үйді басына көтеріп айқайлағанын, көліктердің жүруіне кедергі келтіргенін, бейәдеп сөздер айтқанын анықтады", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полиция дерегінше, қолға түскен ару наркологиялық диспансерде есепте тұрған.

Сонымен қатар, ол Павлодар қаласының басқа ауданында тұрады. Бойжеткен тәртіп сақшыларына оқиға орын алған аумаққа неге келгенін түсіндіре алмапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913272-pavlodarda-qysqa-koilek-kigen-qyzdyn-ustalgan-sati-videoga-tusip-qaldy/

pixel