Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы әуежайында рейстер кешігіп жатыр

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Алматы әуежайында бірнеше рейс кейінге шегерілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әуежайының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, әуежайдағы бір жолақ уақытша жабық. Жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.

Ал екіншісі жұмыс істеп тұр.

"Жолақтардың бірінің зақымдануына байланысты рейстер уақыты өзгеріп жатыр, өзі екі жолақ бар", - делінген хабарламада.

Осыған байланысты Алматы - Нұр-Сұлтан, Алматы - Қостанай, Алматы - Батуми рейстері кешігіп жатыр.

"Уақыт 1-1,5 сағатқа шегерілді. Рейстер тоқтамайды", - деді Алматы әуежайының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913278-almaty-auezaiynda-reister-kesigip-zatyr/

pixel