Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түрмеден жаман": Қазақстандық әйел ауруханадағы лас суға қатысты шағымданды

Опубликовано:

аурухана
Көрнекі фото: Sputnik Қазақстан

Клара Абдрахманова Алматы облысы, Сарқанд қаласындағы аурухананың жағдайына шағымданды. Қыздың айтуынша, оның анасы қазір коронавирус белгілері бар пневмонияға шалдығып, ауруханада жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бойжеткен редакцияға хабарласып, анасы 16 мамырдан бастап Сарқанд ауруханасында коронавирус белгілері бар пневмониямен ауырып жатқанын айтты.

"Бұл облыстық аурухана түрмеден жаман, ыстық су жоқ, олар қолдарын мұздай сумен жуады. Су жылытатын қазандық сатып алып, орнату соншалықты қиын ба? Дәрігерлер суды көп ішуді талап етеді, алайда онда кулердің өзі жоқ! Шүмектен мұздай әрі кір су ағады", – дейді Клара Абдрахманова.

Оның айтуынша, науқастардың туыстары су сатып алып, ауруханаға әкелуі керек. Аурухана әкімшілігі медициналық мекемеде ыстық судың жоқтығын растады, мұны бүкіл қала бойынша орталықтандырылған ыстық сумен жабдықтау жүйесінің жоқтығымен түсіндірді.

"Жағдайдың шешу үшін жұқпалы аурулар бөлімінде ыстық суға арналған қазандықтар орнатылған. Лас суға қатысты ауыз су ауруханаға су каналы арқылы жеткізілетінін хабарлаймыз. Палаталарда суық су шүмегі бар раковина қойылған", – деді әкімшілік.

Әкімшілік қазірдің өзінде аурухананы күрделі жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттама бар екенін атап өтті. Қазіргі уақытта ғимараттың құрылысы әр палатаға ыстық су жіберуге мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, аурухана әкімшілігі бөлімде антисептикалық және өңдеуші құралдардың толық көлемде екенін хабарлады.

"Науқастарды емдеу денсаулық сақтау министрлігі бекіткен хаттама негізінде жүзеге асырылады. Екпелер хаттама мен емдеуші дәрігердің тағайындалуы негізінде жасалады. Науқастарды емдеуге арналған дәрі-дәрмектер толық көлемде қолжетімді.

Қосымша дәрі-дәрмектер қажет емес, дәрігерлер пациенттерден дәрі-дәрмектерді өздігінен сатып алуды талап етпейді, олар пациентке ауруханадан шыққаннан кейін ғана келтіруді ұсына алады", – дейді ауруханада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913317-turmeden-zaman-qazaqstandyq-aiel-auruxanadagy-las-suga-qatysty-sagymdandy/

pixel