Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде дактилоскопиялық тіркеу мерзімі өзгермек: Тұрғымбаев мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Құжаттар
Көрнекі фото: pexels.com

Қазақстанда дактилоскопиялық тіркеу мерзімі өзгертіледі деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы мәжілістің жалпы отырысында ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты.

Оның сөзінше, заң жобасында дактилоскопиялық тіркеу мерзімін 2023 жылғы 1 қаңтарына дейін созу қарастырылған. Себебі қаражат жетіспей отыр, деді министр.

Айта кетейік, мәжілістің жалпы отырысында "мемлекеттік фельдъегерлік байланыс туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

Бұл қызметтің міндеті – үкіметтің хат алмасу жұмысын қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың аса маңызды әрі құпия хаттарын тасу, арнайы пошталарды ТМД-ға мүше елдерге жеткізу болып табылады.

Сонымен қатар төменгі палатаның жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік фельдъегерлік байланыс және ішкі істер органдары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" ілеспе заң жобасы да бірінші оқылымда мақұлданды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913335-elimizde-daktiloskopiyalyq-tirkeu-merzimi-ozgermek-turgymbaev-malimdeme-zasady/

pixel