RU

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары өмірден өтті

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы қызметкері Бауыржан Елубаев 74 жасқа қараған шағында өмірден өтті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым дерегінше, Бауыржан Елубаев 1947 жылы 1 тамызда Ақмола облысы Мәдениет ауылында өмірге келген.

Генерал-майор ұлттық қауіпсіздік жүйесінде жедел қызметкерден төраға орынбасарына дейін қызметтің барлық сатысынан өткен.

Ол 57 жасында Атырау мемлекеттік университетінің заң факультетінде жоғары білім алды.

Бауыржан Елубаев ұлттық қауіпсіздік қызметінің құрметті қызметкері, құрметті шекарашы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор.

Сонымен қатар, марқұм II дәрежелі "Даңқ" орденімен, Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасының медальдарымен, грамоталармен, мемлекеттік және ұлттық қауіпсіздік органдарының және ТМД-ның төсбелгісімен марапатталған.

KAZ.NUR.KZ порталы Бауыржан Елубаевтың туытары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913339-uqk-toragasynyn-buryngy-orynbasary-omirden-otti/