Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Депутат кейбір қазақстандықтың зейнет жасын төмендетуді ұсынды

Опубликовано:

Мәжіліс1
Фото: parlam.kz

Мәжілістің бір топ депутаты кейбір қазақстандықтың зейнет жасын төмендетуді ұсынды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Халық қалаулысы Ерлан Смайылов бұл санатқа металлургтер, кеншілер, мұнайшылар, уран өнеркәсібінің жұмысшылары мен тағы басқа зиянды өндірісте істейтін адамдарды жатқызды.

Депутат "мемлекет олардың зейнетке шығу жасын төмендетіп, лайықты зейнетақы төлеуге тиіс" деген пікірде. Ерлан Смайылов осы мәселені көтеріп премьер-министрі Ералы Тоғжановқа сауал жолдады.

Ұлттық статистика бюросы таратқан ақпаратқа сәйкес, бүгінде зиянды және қауіпті еңбек жағдайында 1 645 247 адам жұмыс істейді. Олардың 987 645-і – ер азаматтар, ал 657 602-сі – әйелдер.

Ерлан Смайылов өткен жылы 366 900 адам немесе әрбір төртінші жұмысшы санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін жағдайда жұмыс істегенін жеткзіді.

Оның сөзінше, өндірісте егде жастағы қызметкерлерді "жеңіл жұмысқа" ауыстыруға тырысады.

Бірақ мұндай жұмыс орындарының саны шектеулі әрі мұндай жұмысты жеңіл деп те айтуға келмейді, дейді депутат.

"Бұған қоса, олар зейнетке дейін ешқайда кетпей, әрең шыдап жүреді, ал бұл кезде жастарға орын босамайды. Осының кесірінен жастар арасында жұмыссыздық көбейеді. Бұны шешудің тиімді жолы зиянды әрі қауіпті еңбек жағдайындағы жұмысшылардың зейнет жасын төмендету", – деді мәжілісмен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913349-deputat-keibir-qazaqstandyqtyn-zeinet-zasyn-tomendetudi-usyndy/

pixel