RU

Вакцина салдырғаннан кейін неліктен жүздеген қазақстандық коронавирус жұқтырды

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

ОКҚ-дағы онлайн-брифингте денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері вакцинациядан кейін жүздеген қазақстандықтың коронавирус жұқтыруының себептері туралы хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, кейбір азаматтар вакцина салдыруға ауру жұқтырып келген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтері бойынша, Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпеден кейін 600-ден астам адам коронавирус жұқтырған. Коронавирус жұқтырудың 541 жағдай – 1-компонентін салдырғаннан кейін, 104 жағдай – 2-компонентін салдырғаннан кейін.

"Бұл ақпаратты дұрыс түсіндіру қажет. Бүгінгі күні "Спутниктің" тиімділігі 92%-ды құрайды, яғни 8%-ында иммундық жауап болмайды – адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Егер біздің азаматтар 1-ші және 2-ші компоненттерін алған вакциналардың санын есептейтін болсақ, онда бұл 1-компонентпен вакцинациядан кейінгі үлес салмағы 0,02%, екіншісінен кейін 0,03%-ды құрайды", – деп түсіндірді денсаулық сақтау министрлігінің комитет басшысы Айжан Есмағамбетова.

Оның айтуынша, инфекцияның екінші себебі – кейбір адамдар коронавирусты жұқтырған кезде екпе алған.

"Жүргізілген эпидемиологиялық зерттеулерге сәйкес, әдетте, адамдар инкубациялық кезеңде ауру жұқтырады – олар ауру жұқтырып келіп, вакцина салдырған", – деді спикер.

Еске салсақ, денсаулық сақтау вице-министрі азаматтардың коронавирусқа қарсы екпе салдырғаннан кейінгі өліміне қатысты сот сарапшыларының қорытындысы туралы айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913368-vakcina-saldyrgannan-keiin-nelikten-zuzdegen-qazaqstandyq-koronavirus-zuqtyrdy/