Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"PlayStation ойнаймын": Асхат Аймағамбетов хоббиі туралы айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Sputnik / Абзал Калиев

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов республикалық олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттау рәсімі аяқталғаннан кейін оқушылардың ұсыныстарын тыңдап, сұрақтарына жауап берді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде оқушының бірі білім және ғылым министрінен қандай қызығушылығы бар екенін сұрады.

"Бұл жерде өз ісіңе қызығушылық жоғары болу қажет. Десе де, спортпен шұғылдану, кітап оқу – хоббиім. Кешке үйге келгенде ұлыммен PlayStation ойнаймын. Студент кездері де компьютерлік ойындарды ойнайтынбыз", - деді Асхат Аймағамбетов.

Білім және ғылым министрі ұлымен осы жылы кітап оқу жайында келіскенін жеткізді. Оның сөзінше, баласы 54 кітаптай оқып үлгерген.

"Кітап оқу өте маңызды бір бөлік. Сол себепті "Кітап оқитын мемлекет" және "Кітапқа құмар мектеп" бағдарламаларын бастадық", - деді Асхат Аймағамбетов.

Министр кітап оқу арқылы алған ақпарат ерекше болатынын жасырмады. Себебі оқу арқылы алған тәрбие басқаша қалыптасады, деді ол.

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетовтің сүйікті спорты – футбол. Ал сүйікті іс отбасымен бірге уақыт өткізу.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913383-playstation-oinaimyn-asxat-aimagambetov-xobbii-turaly-aitty/

pixel