Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бақытжан Сағынтаев Алматының "қызыл" аймақтан қашан шығатынын айтты

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық азаматтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға және вакцина салуға шақырды деп хабарлайды Қазақпарат.

"Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде мегаполис басшысы 957 мың алматылыққа вакцина салынғанын жеткізді.

Оның айтуынша, бүгінгі күні вакцинация деңгейі бұрынғыдай емес, сәл бәсеңсіген.

"Біз тұрғындар арасында түсіндіру және ақпараттандыру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Халық арасында қорқыныш бар, вакцина туралы неше түрлі ақпарат таратушылар көп. Антиваксерлар ұйықтамайды. Әртүрлі әңгімелер ойлап, әлеуметтік желі арқылы таратады. Мен оларды тыңдамауға керісінше дәрігерлер мен екпе салдырған адамдарды тыңдауға кеңес беремін", - деді Бақытжан Сағынтаев.

Оңтүстік астананың басшысы қалада коронавирус жұқтырғандар саны азайып жатқанын атап өтті.

"Егер біз осы бағытымызбен алға жылжи берсек, онда жақын арада біз "қызыл" аймақтан шығамыз. Сол кезде көптеген шектеулер алынып тасталады", - деді Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913386-baqytzan-sagyntaev-almatynyn-qyzyl-aimaqtan-qasan-sygatynyn-aitty/

pixel