RU

Солтүстік Қазақстан облысы коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа оралды

Көше маска1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Коронавирустың таралу жылдамдығы бойынша Солтүстік Қазақстан облысы "жасыл" аймаққа өтті. Мәліметтер COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-тың Telegram-дағы ресми арнасында жарияланды.

2021 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, өңірлер келесі аймақтарға бөлінді:

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары.
  • "Сары" аймақта: Алматы, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.
  • "Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Еске салсақ, бұған дейін Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев барлық азаматтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік шараларын сақтауға және вакцина салуға шақырды. Оның айтуынша, бүгінгі күні вакцинация деңгейі бұрынғыдай емес, сәл бәсеңсіген. Оңтүстік астананың басшысы қалада коронавирус жұқтырғандар саны азайып жатқанын атап өтті.

Айта кеткен жөн, Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 2433 адам анықталды.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазғанбыз.

Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913475-soltustik-qazaqstan-oblysy-koronavirus-boiynsa-zasyl-aimaqqa-oraldy/