RU

Алматыдағы ЖОО-ға Әлихан Бөкейханның есімі беріле ме

студентка на уроке
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Әлихан Бөкейханның есімін беру заңнамада белгіленген тәртіппен қаралады. Мәжіліс депутаттарының сауалына премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жауап берді деп хабарлайды Қазақпарат.

Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан РЕспубликасының ауыл шарушылығы министрлігіне қарасты қазақ орман шаруашылығы және агромелиорация ғылыми-зерттеу институтына Әлихан Бөкейханның есімі берілген болатын.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетіне Әлихан Бөкейханның есімін беру мәселесі заңнамада белгілінген тәртіппен қаралады.

Үкімет басшысы орынбасары Әлихан Бөкейханның есімі Қарағанды облысында ерекше ұлықталып келетінін сөз етті.

1998 жылы Ақтоғай ауданында "Үш арыс" (Ә.Бөкейхан, Ж.Ақбаев, Ә.Ермеков) ескерткіші орнатылғае.

Қазіргі кезде ескерткіш тұрған жер "Алаш" алаңы деп аталады.

2013 жылы Әлихан Бөкейханның туған жері − Ақтоғай ауданында, Жекежал қыстауының орны топырақтан аршылып, іргетасы ретке келтірілді.

2016 жылы Ақтоғайдағы Әлихан Бөкейхан атындағы мектеп алдында оған арналған бюст қойылды.

2019 жылы Қарқаралы қаласында Алаш арыстары Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы және Әлімхан Ермековке арналған ескерткіш орнатылды.

Осы жылы Әлихан Бөкейханның 155 жылдық мерейтойы қарсаңында Қарағанды қаласындағы Октябрь ауданына ұлт қайраткерінің есімі берілді.

"Жалпы өңірде (ред. - Қарағанды) Әлихан Бөкейханның есімі 11 көше, 4 мектепке тіркелген. Шымкент қаласында, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында Әлихан Бөкейханның есімі көшелер мен мектептерге берілген", - деді вице-премьер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913513-almatydagy-zoo-ga-alixan-bokeixannyn-esimi-berile-me/