Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенат депутаты Алексей Цойдан шетелден қымбат вакцина тасуының себебін сұрады

Опубликовано:

Фото
Фото: BAQ.KZ

Сенат депутаты Айгүл Қаппарова Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдан Қазақстан неліктен қымбат Hayat-Vax вакцинасын сатып алғанын сұрады деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазақстан Hayat-Vax вакцинасының әр данасын - 62,2 долларға (26 645 теңге), "Спутник V" вакцинасын 26 долларға (11 138 теңге) сатып алып отыр, ал QazVac бағасы - 9,4 доллар (4 027 теңге). Сонда қымбат вакцина сатып алудың себебі неде?  Шетелдік өндірушілерден вакциналар сатып алу олардың өндірісінің төмендеуіне және отандық фармацевтикалық зауыттардың жабылуына әкеліп соқтырмай ма?",-  деп сұрады сенат депутаты.

Алексей Цойдың сөзінше, вакциналардың көрсетілген бағасын өндірушілердің өзі қойған. 

"Біз үшін ең маңыздысы қысқа мерзім ішінде вакцинамен қамту, тұрғындардың таңдауы болатындай жағдай жасау. Өздеріңіз білесіздер, жеткізу мен лимит бойынша тапшылық бар. Ал біздің ең басты мақсатымыз - қысқа уақыт ішінде халықты барынша вакцинамен қамту. Сол себепті бұл жұмыстар атқарылып, вакциналар жеткізіліп, иммундау жүйесінде қолданылып жатыр", - деді денсаулық сақтау министрі.

Ол вакцинаны шығаратын қазақстандық зауыттың өндірісінде бірқатар препарат бар екенін жеткізді.

"Қарағанды ​​фармацевтикалық кешенінің өндірістік алаңына келетін болсақ, бұл жерде бұл зауыт вакцинаны алғаш рет шығаратынын түсінуіміз керек. Енді өндіріс орындары вакциналар шығаруға бағытталды. Бірақ бұл өндіріс орындарында сонымен қатар онкологиялық және басқа ауруларды емдеуге арналған биологиялық препараттар шығарылады. Сол себепті жабу туралы мәселе туындамады. Вакцина кестесі бойынша елімізде 20 түрлі вакцина салынады және оның өндірісі бар, сондықтан отандық фарминдустрияны қолдау керек", - деді Алексей Цой.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913515-senat-deputaty-aleksei-coidan-setelden-qymbat-vakcina-tasuynyn-sebebin-surady/

pixel