RU

Нұр-Сұлтан әуежайының қызметкерін соққыға жыққан ер адам жауапқа тартылды

Әуежай11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтанда әуежай қызметкері соққыға жығылды. Шабуылдаған азамат туысын қарсы алуға келіп, аэропорттағы дәрігерлердің талабын орындаудан бас тартқан екен. Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы Ануар Шалекенов хабарлады.

Оқиға кеше, 19 мамыр күні болған.

"Туысын қарсы алуға келген азамат Ashyq жүйесін ескермей, әуежай ғимаратына кіруге тырысты. Ол әдеттегі кіреберістен қосымша арқылы кіргісі келмеді. Әрине, оны авиациялық қауіпсіздік қызметкерлері тоқтатып, Ashyq қосымшасын көрсетіп, әдеттегі кіреберістен кіруді сұрады.

Азамат қызметкерлердің бұл өтінішін елемей, қауіпсіздік офицеріне денсаулыққа зиян келтіріп, қымбат жол талғамайтын көлікке отырып, оқиға орнынан қашып кетті", – деді Шалекенов.

Сонымен бірге, әуежайдың баспасөз хатшысы атап өткендей, ер адам бетпердесіз жүріп, карантин шараларын бұзыпты.

Әуежай қызметкерлері дереу полиция бөліміне хабарласқан. Осыдан кейін көп ұзамай бұзақылық жасаған азамат табылды. Ер адам бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Еске салсақ, 21 мамырдан бастап азаматтар Алматы халықаралық әуежайына тек Ashyq қосымшасы арқылы кіре алады. Әуежайдың баспасөз қызметі смартфондары жоқ және шетелдік азаматтарды қалай тексеретіні туралы айтты.

Баспасөз қызметінің айтуынша, кнопкалы ұялы телефондарын қолданатын келушілер смартфонының жоқтығына алаңдамауы керек. Ең бастысы – жеке куәлігі болу. ЖСН Ashyq жүйесі арқылы сканерленеді және адамның мәртебесі анықталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913518-er-adam-nur-sultan-auezaiynyn-qyzmetkerin-soqqyga-zygyp-qasyp-ketken/