Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аймағамбетов мектептегі 13,5 мың маманның жалақысы қашан көтерілетінін айтты

Опубликовано:

Асхат Аймағамбетов
Фото: Askhat Aimagambetov / Facebook

Сенат депутаттары мектеп кітапханаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын арттыру мәселесін көтерді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылым мәліметінше, сенаттың жалпы отырысында сенатор Динар Нөкетаева мектептегі кітапханашылардың жалақысын арттыру мәселесін көтерді.

Ол бүгінде мәдениет саласына қарайтын, яғни, жалпы халыққа қызмет көрсететін кітапхана қызметкерлерінің жалақысы 30-50 пайызға көтерілгенін жеткізді.

Бірақ мектептегі кітапханашылардың еңбекақысы сол күйінде қалды, дейді сенат депутаты.

Осы орайда Динар Нөкетаева білім және ғылым министрінен білім ұйымдарындағы кітапханашылардың жалақысы басқа кітапханашылармен қашан теңесетінін сұрады.

Білім және ғылым министрі бүгінде мектеп кітапханаларында 13,5 мың адам жұмыс істейтінін атап өтті. Асхат Аймағамбетовтың сөзінше, олардың барлығы білім қызметкерлері болып саналады. Сол себепті мәдениет саласындағы кітапханашылардың жалақысын арттыру шараларына ілікпей қалды, деп түсіндірді министр.

"Білім саласында қызмет ететін 13,5 мың кітапханашының жалақысы мәдениет саласындағы әріптестерімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Ал жұмыс мазмұны бірдей және өзіңіз білесіздер, әсіресе, шалғайдағы елді мекендерде жалғыз кітапхана ғана жұмыс істейді, ол оқушыларды ғана емес, барлық тұрғынды кітаппен қамтамасыз етеді", - дейді Аймағамбетов.

Ол бүгінде арнайы жұмыс тобы құрылғанын жасырмады. Оған білім және ғылым министрлігі, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және қаржы министрлігінің мамандары кіреді.

"Олар жұмысты бастап кетті. Біз тиісті есепті дайындадық. Болашақта көп күттірмей, осы мәселе шешіледі деп үміттенеміз", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913548-aimagambetov-mekteptegi-135-myn-mamannyn-zalaqysy-qasan-koteriletinin-aitty/

pixel