Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйелін өлімші етіп сабаған: Павлодарда айыпталушының жүрегі ұстап қалды

Опубликовано:

Феклистовтер отбасы
Фото: марқұмның ok.ru парақшасы

Павлодар облысы парашютпен секіру спорты федерациясының басшысына қатысты қылмыстық істі қарау оның денсаулығының нашарлауына байланысты кейінге шегерілді. Қазіргі уақытта айыпталушы кардиологиялық орталықта емделіп жатыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта іс бойынша процестер тоқтатылды. Белгілі болғандай, айыпталушының жүрек талмасы ұстап қалған.

"Феклистовтың кардиологиялық орталықта болуына байланысты сот отырысы ол жазылып шыққанға дейін кейінге шегерілді", – деп хабарлады Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, парашютпен секіру спорты федерациясының басшысының қамауға алынғаны 2020 жылдың мамырында белгілі болды.

Содан кейін ол әйелін ұрып-соққаны туралы хабарланды, алған жарақаттарынан әйел қайтыс болған. Оқиға болғаннан кейін марқұмның әпкесі күйеу баласының агрессивті адам екенін айтып, сіңлісінің отбасылық өмірінің егжей-тегжейін айтып берді.

2021 жылы наурызда сот қылмыстық істі қарала бастады, бірақ жабық режим жағдайында. Себебі сот отырысында интимді өмір туралы егжей-тегжейлер айтылуы керек болған.

Былтыр тәртіп сақшылары бастапқыда қылмыстық істің кісі өліміне алып келген денсаулыққа қасақана зиян келтіру факті бойынша қозғалғанын мәлім еткен болатын.

Кейіннен істі қарау кезінде оны "кісі өлтіру" бабына ауыстыру туралы шешім қабылданды.

Басында Руслан Феклистовке қатысты 8-ден 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Енді бұл мерзім 8-ден 15 жылға дейін өзгертілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913560-aielin-olimsi-etip-sabagan-pavlodarda-aiyptalusynyn-zuregi-ustap-qaldy/

pixel