Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шашсыз қала жаздадым": Елордалық келіншек салон қызметкерлерін сотқа бермек

Опубликовано:

Шаш
Көрнекі фото: pixabay.com

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны сұлулық салонына барып, шашсыз қала жаздаған. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі шағым білдіруге арналған топтардың бірінде жариялады деп хабарлайды Азаттық рухы.

Шағымданушы елордадағы сұлулық салондарының біріне барып, шашын боятуды ойлаған. Бірақ нәтижесінде шашы күйіп, бұрымын қидыруға тура келген.

"Мен Қонаев көшесінің бойында орналасқан MILA сұлулық салонына барып, шашымды боятпақшы болдым. 14 мамыр күні аталған процедураның екінші кезеңін жасатуға барып, нәтижесінде шашсыз қалдым. Шашқа жағылған ерітіндіні жуғаннан кейін шаштараз Гулидің аң-таң болған түрін көріп, бір нәрсенің бүлінгенін түсіндім. Артынша менің ұзын шашымның түсіп қалғанын көрдім. Шаштараз Гули маған "шаш деген тіс емес, өсіп кетеді" деген сөздерімен мені сыртқа шығарып жіберді", - деді келіншек.

Сонымен қатар ол шашын қайта қалпына келтіру үшін 250 мыңға жуық қаражат жұмсағанын жеткізген.

Одан бөлек, жазба авторы сұлулық салонының қызметкерлері еш кешірім сұрамағандықтан, сотқа беретінін жасырмады.

Өз кезегінде сұлулық салонының қожайыны әлеуметтік желіде аталған мәселеге қатысты түсініктеме берді. Оның сөзінше, шағымданушы шашын өзге салонда боятқан.

"Аталған клиенттің бізге келгені рас. Оның шашы бояуға жарамайтындықтан, біз оған өз кеңесімізді айтып, шашына ешқандай бояу жаққан жоқпыз. Содан кейін ол такси шақырып, үйіне қайтып кетті. Шамасы ол басқа сұлулық салонына барып, шашын сол жақтан боятқан болуы керек. Бәлкім шашын сол жерде қиған шығар. Енді сол кінәні біздің мойнымызға іліп жатыр. Бұл ақылға қонымсыз дүние", - деп жауап берді сұлулық салонының қожайыны.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913561-sassyz-qala-zazdadym-elordalyq-kelinsek-salon-qyzmetkerlerin-sotqa-bermek/

pixel