Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гаражға таласқан: Жезқазғанда ер адам көршісін ауруханадан бір-ақ шығарды

Опубликовано:

Гараж
Көрнекі фото: piqsels.com

Жезқазғанда гаражды бөлісе алмаған ер адам көршісін жарақаттады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

19 мамырда Жезқазған полициясына медициналық мекемеге дене жарақатымен 53 жастағы ер адам жеткізілгені туралы хабар түсті.

Анықталғандай, жәбірленуші 33 жастағы көршісімен жанжалдасып қалғаннан кейін дәрігерлердің көмегіне жүгінген.

Екі ер адам көпқабатты үйдің ауласында иесіз қалған гаражға таласып қалған. Ашуға булыққан 33 жастағы адам үйінен тапанша алып шығып, жәбірленушіге оқ атқан.

Жедел тергеу шаралары барысында полицейлер күдіктіні ұстады, ол кінәсін мойындады. Ер адамнан бос патрондар қолданылатын тіркелген тапанша тәркіленді.

Бұл фактіге қатысты қылмыстық кодекстің 107-бабы "Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша бір мың АЕК айыппұл, түзеу жұмыстарына не екі жылға дейiн бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Тиісті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүріп жатыр.

Еске салсақ, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында біреудің жалғыз баласы кісі қолынан көз жұмған болатын.

Шелек ауылының маңындағы Сарыбұлақ елдімекенінде Ербол Нұрлан есімді жігітті ауылдастары ұрып соққан еді. Тоғыз күн ауруханада ес-түссіз жатқан жәбірленуші алдыңгүні қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913576-garazga-talasqan-zezqazganda-er-adam-korsisin-auruxanadan-bir-aq-sygardy/

pixel