Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қолға тиетіні аз": Сенат депутаты еден жуушылар жалақысын көбейту мәселесін көтерді

Опубликовано:

теңге жапырқа
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сенат депутаты Нариман Төреғалиев мемлекеттік мекемелерде техникалық қызмет көрсететін штаттан тыс қызметкерлердің жалақысын көтеру қажеттігін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сенатор соңғы екі жылда білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, әлеуметтік қорғау саласы қызметкерлерінің еңбекақысының өскенін тілге тиек етті.

Алайда үкіметтің қаулысына сәйкес, еліміздегі мемлекеттік мекемелерде техникалық қызмет көрсететін штаттан тыс қызметкерлердің жалақысы төмен деңгейде қалып отыр, деді Нариман Төреғалиев.

Осы орайда депутат бірнеше мысал келтірді. Төреғалиевтің сөзінше, еңбек өтілі 25 жылдан жоғары іс қағаздарын жүргізуші барлық өтемақысын қосқанда айына 64 мың теңге алады.

"Төртінші разрядтағы көлік жүргізушісі – 60 мың, ал бірінші разрядтағы еден жуушы 54 мың теңге көлемінде айлық алады, ал қолға тиетіні одан да аз. Бұл ретте, осы санаттағы қызметкерлердің еңбекақысын көтеру мақсатында құзыретті министрлік алдағы уақытта тиісті жұмыс атқарады деген ойдамыз", - деді сенат депутаты.

Одан бөлек, Төреғалиев "Педагог мәртебесі туралы" заңның аясында ұстаздардың жағдайы түбегейлі өзгергенін сөз етті. Тура сондай жолмен медицина саласының мамандарына да барынша қолдау көрсету қажет, деді сенатор. Осы шаралардың маңыздылығы коронавирус пандемиясы кезінде артып отыр. 

"Сонымен қатар, осы игі мамандықтың мәртебесін көтеру мақсатында медицинаның үздік өкілдеріне "Қазақстанның құрметті дәрігері" атағын беру әділетті болар еді. Біздің ойымызша, осы маңызды саланың дәрігерден бастап санитарға дейінгі қызметкерлерін, ұзақ мерзімді қолдау шараларын қабылдауға әбден уақыт келді", - деді Төреғалиев.

Еске сала кетсек, бүгін сенат депутаттары мектеп кітапханаларында жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысын арттыру мәселесін көтерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913587-qolga-tietini-az-senat-deputaty-eden-zuusylar-zalaqysyn-kobeitu-maselesin-koterdi/

pixel