Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бір өңірінде шектеу шаралары маусымның алтысына дейін ұзартылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысында карантин шектеулері 6 маусымға дейін ұзартылды деп хабарлайды Қазақпарат.

Басылым мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысы бас мемлекеттік санита дәрігерінің жаңа қаулысы шыққан.

Онда өңір бойынша карантиннің 6 маусымға дейін созылатыны көрсетілген.

Құжатта шектеу шараларының мерзімі облыс аумағында коронавирус инфекциясының таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін екені айтылған.

Бүгінде CОVІD-19 жұқтырған науқастарды емдеуге арналған инфекциялық стационарлардағы төсек қорының толтырылу деңгейі – 13,6%.

Облыс бойынша инфекцияның репродуктивтік R саны – 0,988.

"Барлық қала, аудан әкімдіктері, мемлекеттік, құқық қорғау және арнайы органдар карантин талаптарының сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. 65 жастан асқан зейнеткерлерге және халықтың әлеуметтік қорғалатын топтарына бірінші кезекте қажетті тауарларды, азық-түлік пен дәрілік заттарды жеткізумен айналысатын еріктілер жұмысы жалғасуы қажет", - делінген қаулы мәтінінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913605-elimizdin-bir-onirinde-sekteu-saralary-mausymnyn-altysyna-deiin-uzartyldy/

pixel