RU

Алматыда қоңырау шалу үшін телефон сұрап, оны иесіне бермей қашып кеткен ер адам ұсталды

әйел ұсталды
Көрнекі фото: report.az

Алматыда жасөспірімдерден ұялы телефон тартып алған кеткен жігіт ұсталды деп хабарлайды Қазақпарат.

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің таратқан мәліметіне сәйкес, 22 жастағы ер азамат 12-15 жас аралығындағы балалардың телефонын тартып алған. Оның кәмелет жасына толмағандардың қасына келіп, бір рет қоңырау шалу үшін мобильді құрылғы сұрағаны белгілі болды. Осыдан кейін ұялы телефонды иесіне қайтармай, қашып кеткен.

Полицияға берген түсініктемесінде 22 жастағы күдікті өзінің әрекетін ақшаның жетіспеушілігімен түсіндіріпті.

"Қазір ол полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр", – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов.

Күдіктіге Қазақстан Республика қылмыстық кодексінің 191-бабы ("Тонау") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913621-almatyda-qonyrau-salu-usin-telefon-surap-ony-iesine-bermei-qasyp-ketken-er-adam-ustaldy/