RU

Қазақстанда өткен тәулікте қанша адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2267 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 368 748-ге жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 386,

Алматы қаласы - 510,

Шымкент қаласы - 79,

Ақмола облысы - 137,

Ақтөбе облысы - 72,

Алматы облысы - 140,

Атырау облысы - 87,

Шығыс Қазақстан облысы - 97,

Жамбыл облысы - 33,

Батыс Қазақстан облысы - 109,

Қарағанды облысы - 318,

Қостанай облысы - 38,

Қызылорда облысы - 36,

Маңғыстау облысы - 60,

Павлодар облысы - 105,

Солтүстік Қазақстан облысы - 23,

Түркістан облысы - 37.

Еске салсақ, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық денсаулық сақтау орталығы Қазақстан аймақтарындағы эпидемиологиялық ахуалды бағалаудың жиырмасыншы мамырдағы матрицасын жариялаған еді.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазғанбыз.

Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.

Эпидемиологтың сөзіне сенсек, коронавирус пен ішек вирусы бастапқы кезінде ұқсас болуы мүмкін. Себебі, олар жұғады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913631-qazaqstanda-otken-taulikte-qansa-adamnyn-koronavirus-zuqtyrgany-belgili-boldy/