Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтардың Ресей аумағына кіру тәртібіне өзгеріс енгізілді

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: kazembassy.ru

Ресей Федерациясының Қазақстандағы Елшілігі өзінің ресми сайтында Ресей Федерациясы үкіметінің 18 мамырдағы бұйрығын жариялады, оған сәйкес қазақстандықтардың Ресейге кіру ережелері өзгерді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Соңғы құжатта Ресей үкіметі жақын туыстардың тізімін кеңейтті, олардың Ресей азаматтары арасында болуы қазақстандықтардың елге кіруіне мүмкіндік береді.

Енді Қазақстан азаматтары туыстық қатынасын растайтын құжаттары болса, өзінің Рейсей Федерациясының азаматтығы бар жұбайларына, ата-аналарына, балаларына ғана емес, сонымен қатар туған ағалары, әпкелері, әжелері, аталары, немерелеріне де құрлық арқылы келе алады.

Шекарадан өту кезінде міндетті түрде туыстық фактісін растайтын құжаттар болуы керек.

Құжаттың толық мәтінімен сілтемеге өтіп танысуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913639-qazaqstandyqtardyn-resei-aumagyna-kiru-tartibine-ozgeris-engizildi/

pixel