RU

21 мамыр күні Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы1
Көрнекі фото: piqsels.com

Синоптиктер 21 мамыр Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі.

Бүгін еліміздің территориясының басым бөлігінде құбылмалы тұрақсыз ауа райы сақталады.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай жарқылдап, жаңбыр жауады.

Тек еліміздің оңтүстік аймақтарында жоғарғы қысым аумағының әсерінен жауын-шашын жаумайды, күн ашық болады.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстікте дауыл тұрады, бұршақ жаууы ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазаақстан, Түркістан, күндіз Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

Павлодар, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аймағында дауыл соғады.

Түнде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі.

Түнде Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік жүреді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Атырау, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913641-21-mamyr-kuni-qazaqstan-aumagynda-aua-raiy-qubylmaly-bolady/