Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ashyq жүйесіндегі ақауға қатысты цифрлық даму министрлігі түсініктеме берді

Опубликовано:

QR код
Көрнекі фото: pexels.com

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ashyq жүйесінде орын алған техникалық ақауға қатысты түсініктеме берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Ashyq" жобасының қызметі толықтай "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-на берілді. Қазіргі уақытта барлық проблема шешілді. Қосымшаны қолданушы адам санының шамадан тыс көп болуынан техникалық қателіктер орын алды", – деді аталған министрліктің Цифрлық шешімдер департаментінің директоры Болатбек Молдабеков.

Оның айтуынша, бүгінде аталған қосымшаны 1 млн 600 мыңнан астам адам белсенді қолданады.

"Сандар жылдам өсуде. Біздің акционерлік қоғам үлкен жүктемені игере алады. Бүгіннен бастап ешқандай проблема болмайды. Және жүйе ақаусыз жұмыс істеуі үшін жанама түрі әзірленеді. Сондықтан мәселе туындамайды", – дейді ол.

Еске салсақ, ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін жабық базарларда, сауда үйлері мен павильондарда көтерме және бөлшек саудамен айналысатын кәсіпкерлер жеке QR-код алуы керек екені туралы хабарлаған болатынбыз.

Бұл шара сатып алушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын жақсартуға мүмкіндік бермек. Қаржы министрлігі QR-код дүкендерді сәйкестендіру үшін керек екенін мәлімдеді.

Оған қоса, 21 мамырдан бастап азаматтар Алматы халықаралық әуежайына тек Ashyq қосымшасы арқылы кіре алады. Әуежайдың баспасөз қызметі смартфондары жоқ және шетелдік азаматтарды қалай тексеретіні туралы айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913716-ashyq-zuiesindegi-aqauga-qatysty-cifrlyq-damu-ministrligi-tusinikteme-berdi/

pixel