Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оралда әйгілі пластикалық хирург қайтыс болды

Опубликовано:

Юрий Хван
Юрий Хван. Фото: instagram.com/zko.omb

Батыс Қазақстан облысының хирургиялық қызметінің негізін қалаушылардың бірі Юрий Хван 81 жасында қайтыс болды. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомство Юрий Хванның жоғары деңгейлі пластикалық хирург және жоғары санатты дәрігер болғандығын жеткізді. Оның зейнетке шыққаннан кейін де науқастарды қабылдауды жалғастырғаны айтылды.

2002 жылы Юрий Хван облыстың штаттан тыс бас хирургі болып тағайындалған.

"Юрий Хванды өңірдегі ең жақсы пластикалық хирург деп атауға болады. Еңбек жолын 1964 жылы Бөрілі ауданында бастаңан. Ол Ресейдің Пластикалық, реконструктивті және эстетикалық хирургтар қоғамының мүшесі болды", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетсек, кеше белгілі қазақстандық актер Фархат Абдраимов мезгілсіз қайтыс болды.

Мәдениет министрлігінің баспасөз қызметі актер әрі продюсердің Грузияда "Больше, чем любовь" фильмінің түсірілімі кезінде қайтыс болғанын жеткізген. Ал Фархат Абдраимовтың жақындары актердің қазасына инфаркт себеп болғанын хабарлады. Олардың сөзінше, марқұмды ақтық сапарға шығаратын күні мен орны қосымша айтылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913719-oralda-aigili-plastikalyq-xirurg-qaitys-boldy/

pixel