Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр: Қазақстанда жыл басынан бері өрттен 29 бала ажал құшты

Опубликовано:

Өрт сөндіру қызметі
Көрнекі фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Жыл басынан бері республикада тілсіз жау 29 баланың өмірін қиды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Карантин мен балабақшалар жұмысының шектелуіне байланысты бүлдіршіндердің көбі үйде отыратынын атап өткен министр жылыту маусымында балалар арасындағы өлім-жітім ерекше алаңдаушылық туғызатынын айтты.

"Практика көрсетіп отырғандай, көп жағдайда трагедия ата-ана немесе ересектер үйде болмаған кезде орын алады", – деді Ильин.

Оның мәліметінше, жыл басынан бері өрттен 29 бала ажал құшты, оның 13-і ата-анасының қарауынсыз қалған.

Ильин Нұр-Сұлтан мен Түркістан облысында болған қайғылы оқиғаларды еске алды. Тілсіз жау салдарынан бүтін бір отбасы зардап шеккен болатын.

"Барлығы да толық отбасы болған, яғни анасы да, әкесі де бар, жұмыс істейді. Алайда балаларды аз уақытқа жалғыз қалдырудың арты трагедияға әкеп соғуы мүмкін. Сол себепті азаматтарға айтарым: балалармен түсіндіру және тәрбие жұмысын өткізіңіздер. Әрине, әртүрлі жағдай болады, бірақ мүмкіндігінше балаларды қараусыз қалдырмаңыздар", – деді ведомство басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1913725-ministr-qazaqstanda-zyl-basynan-beri-ortten-29-bala-azal-qusty/

pixel