Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жоғары лауазымды полиция қызметкері ұйымдасқан қылмыстық топпен байланысты деп айыпталды

Опубликовано:

Кездесу
Видеодағы кадр: youtube.com/Batyr Maratov

Әлеуметтік желілерде БҚО өзіндік қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары ұйымдасқан қылмыстық топпен байланыста болды және полицейлерден ақша жинады деген күдікке ілінді. Облыстық полиция департаменті мен Ішкі істер министрлігі бұл мәлімдемеге назар аударды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

YouTube-тегі Batyr Maratov арнасында жарияланған видео авторының айтуынша, БҚО ПД өзіндік қауіпсіздік басқармасы басшысының орынбасары көрсетілген. Сондай-ақ, жоғары лауазымды полиция қызметкері мен тергеуші Ақсай қаласындағы мейрамханада ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерімен кездесіп, алкогольдік ішімдік ішіп отырғаны айтылған.

Автордың сөзінше, видеода "полиция қызметкерлеріне және қарапайым азаматтарға қарсы түрлі арандатушылықпен айналысқандардың" лауазымдары мен аты-жөндері көрсетілген.

Batyr Maratov олардың кесірінен "департаменттің барлық төменгі бөлімшелері ақшалай сыйақы түрінде ай сайынғы салық жинап береді" атап өтті.

Видеоның төменгі жағында БҚО ПД басшысы Махсудхан Аблазимовтың түсініктемесі жарияланған.

"Интернет-ресурстарға жүргізілген мониторинг барысында 19 мамырда YouTube арнасында "Батыс Қазақстан облысының өзіндік қауіпсіздік қызметі басшылығы тарапынан негатив" атты видеоматериал жарияланғаны анықталды, онда БҚО ПД өзіндік қауіпсіздік қызметі басшысының орынбасары мен қызметкерлері өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталуда. Бұл факті бойынша қызметтік тергеу басталды", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, мұнда Ішкі істер министрлігінің ресми сайты Polisia.kz-тің де жауабы жарияланған.

"Ішкі істер министрлігінің өзіндік қауіпсіздік департаменті Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметкерлеріне қатысты қызметтік тергеу жүргізуде", – делінген мәтінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913788-bqo-da-zogary-lauazymdy-policiya-qyzmetkeri-uiymdasqan-qylmystyq-toppen-bailanysty-dep-aiyptaldy/

pixel