Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұржан Әшімбетовты Ақсу әкімі қызметінен босатты

Опубликовано:

Нұржан Әшімбетов, Ақсу қаласының әкімі
Нұржан Әшімбетов, Ақсу қаласының әкімі: pavlodarnews.kz

Павлодар облысының басшысы Әбілқайыр Сқақов Ақсу әкімі Нұржан Әшімбетовты қызметінен босатты. Өңірлік әкімдіктің баспасөз қызметі бұл ақпаратты ресми түрде растады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Павлодар облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Нұржан Әшімбетов ҚР "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару туралы" заңы бойынша қызметінен босатылды.

32 баптың негізінде тиісті қаулыға өңір әкімі қол қояды.

"Павлодар әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов Ақсу қаласының әкімі қызметінен босатылды", - деп мәлімдеді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Ақсу әкімі Нұржан Әшімбетов жұмыстан шығарылуы мүмкін екенін жазған болатынбыз. Қала басшысы жұмысқа келе салысымен сөгіс алып, қызметтік тексеруге ұшырады. Алайда, ол өзіне берілген сөгістің негізсіз екенін алға тартқан еді.

Облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов болса, өзіне бағынбаған қызметкерінің ісін өңірдің әдеп жөніндегі кеңесіне жіберген. Аталмыш кеңес мүшелері Ақсу қаласының басшысына қатысты мәселені талқыға алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913830-nurzan-asimbetovty-aqsu-akimi-qyzmetinen-bosatty/

pixel