Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіні шулатқан видео: Маңғыстау облысында пара алған шенеунік сотталды

Опубликовано:

сотт
Көрнекі фото: pixabay.com

Маңғыстау облысында Мұнайлы аудандық автомобиль жолдары және тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімінің бұрынғы басшысына қатысты сот үкімі шықты. Ол пара алғаны үшін айыпталған болатын, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаровтың айтуынша, Ақтау қалалық сотының үкімімен Әбдіхалық ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді. Ауданда сапасыз жол салған кәсіпкер де айыппұл төлейтін болды.

"Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының автомобиль жолдары және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы" мемлекеттік мекемесінің жетекшісі Б.Т.Әбдіхалыққа 30 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал "Жанрин" ЖШС директоры Н.Ю.Сүйінов 15 миллион теңгенің айыппұлын төлеуге міндеттелді", - деді Бекайдаров бүгінгі онлайн брифингте.

Оның айтуынша, Әбдіхалық атқарылған жұмыстың актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкер Сүйіновтан 1 миллион теңге көлемінде пара алған. Сондай-ақ, Мұнайлы ауданында кенттер ішіндегі жолдарды салғанда қамқоршылық жасауға және бірқатар жеңілдік беруге келіскен. Осы жұмыстардың барлығы "Жұмыспен қамту картасы -2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында атқарылған.   

Айта кетейік, 2020 жылы Мұнайлы ауданындағы Баянды ауылының тұрғындары төселген асфальтті қолмен көтеріп, видеоны әлеуметтік желілер арқылы таратқан болатын. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913834-zelini-sulatqan-video-mangystau-oblysynda-para-algan-seneunik-sottaldy/

pixel