Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолада көшеге ойнауға шыққан 12 жасар егіз ұлдар жоғалып кетті

Опубликовано:

Полицей
Көрнекі фото: NUR.KZ

Ақмола полицейлері жоғалған егіздерді үйіне қайтарды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

20 мамырда Аршалы ауданының ПБ кезекші бөліміне Аршалы кенті, 20-үй 8-пәтердің 42 жастағы тұрғыны хабарласқан. Айтуынша, сағат 21:30 шамасында үйге келгенде кәмелетке толмаған егіздердің жоқтығын көрген. Сонымен бірге үйдегі қармақ та ғайып болған. Полиция қызметкерлері дереу іздестіру шараларын ұйымдастырды.

Жоғалған оқушыларды іздестіруге бірыңғай орналастыру жүйесіне тартылған барлық экипаждар, қылмыстық іздестіру қызметкерлері, учаскелік полиция уәкілдері және ювеналды полиция инспекторлары бағдарланды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде бір сағаттан кейін полицейлер түнде адасып кеткен 12 жасар ұл балаларды тапты.

Кәмелетке толмағандар 20 мамыр күні сағат 13:30 шамасында көшеге ойнауға шығып, қараңғы түскенін байқамаған. Тек сағат 22:00 кезінде олар кеш екенін және үйге қайту керектігін түсінді. Егіздердің отбасымен алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме өткізілді.

Ата-ана балаларының амандығына қуанды, ал полиция қызметкерлері оларды уақытында тауып, үйіне қайтарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913843-aqmolada-kosege-oinauga-syqqan-12-zasar-egiz-uldar-zogalyp-ketti/

pixel