Коронавирус: Жеті өңір "қызыл" аймақта
Опубликовано:

Коронавирус жағдайына қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
22 мамырдағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары.
"Сары" аймақта: Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және Павлодар облыстары.
"Жасыл" аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.
Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте 2267 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 351,
Алматы қаласы - 521,
Шымкент қаласы - 74,
Ақмола облысы - 134,
Ақтөбе облысы - 68,
Алматы облысы - 179,
Атырау облысы - 119,
Шығыс Қазақстан облысы - 94,
Жамбыл облысы - 31,
Батыс Қазақстан облысы - 102,
Қарағанды облысы - 326,
Қостанай облысы - 40,
Қызылорда облысы - 27,
Маңғыстау облысы - 43,
Павлодар облысы - 93,
Солтүстік Қазақстан облысы - 29,
Түркістан облысы - 36.
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 371015.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913850-koronavirus-zeti-onir-qyzyl-aimaqta/