Назарбаевтың серуендеп жүрген сәтінен сурет жарияланды
Опубликовано:

Қазақстанның Тұңғыш президентінің баспасөз қызметі Instagram желісіндегі ресми парақшасында сенбілік серуенде жүрген Нұрсұлтан Назарбаевтың суретін жариялады. Сондай-ақ, жазбада Елбасының сөздері келтірілген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Кадрлардан гүлдеген ағаштар жанында күлімдеп тұрған Нұрсұлтан Әбішұлын көруге болады.
Аталған жазбадағы сөздерді қаз-қалпында назарларыңызға ұсынамыз:
«Егер адамдардың бәрі ауласына тал ексе, қалалар мен ауылдарда жыл сайын ағаш отырғызылса, біз «жасыл» елге айналамыз. Жасыл желек – елді мекендердің «өкпесі», таза ауа, жанға сая. Біз оны болашақ ұрпақ үшін өсіреміз... Н. Назарбаев», - деп жазған Елбасы баспасөз қызметі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913866-nazarbaevtyn-seruenlep-zurgen-satinen-suret-zariyalandy/