Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Оянғанда жанында жатқан: 56 жастағы азамат үйіне келген қонақты бөлшектеп тастады

Опубликовано:

Қылмыскер құрықталды
Көрнекі фото: Ria.ru

Ресейдің Сахалин облысында тергеушілер өткен жылдың қыркүйек айында жасалған қылмыстың бетін ашты. Күдіктінің пәтерінен тоғыз ай бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның бөлшектелген денесі табылды деп жазады Спутник Қазақстан.

Қайғылы оқиға Корсаков қаласында болған.

31 жастағы ер адам 56 жастағы күдіктінің үйіне қонаққа келеді. Ішімдік ішкеннен кейін үй иесі ұйықтап қалған. Оянған кезде ол жанында жатқан жігітті көреді.

Осы келеңсіз жағдайға байланысты екеуінің арасында жанжал шығып, күдікті қонағының басынан ұра бастайды. Алған жарақат салдарынан ер адам сол жерде көз жұмған.

Осыдан кейін үй иесі мәйітті бөлшектеп, бір бөлігін жақын маңдағы орманға апарып лақтырады. Ал қалғанын пакетке орап, екінші бөлмедегі төсектің үстіне тастаған. Ер адамның денесі осы жерде тоғыз ай бойы жатқан.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалып отыр. Ол кінәсін мойындап, сот шешімімен қамауға алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913872-oyanganda-zanynda-zatqan-56-zastagy-azamat-uiine-kelgen-qonaqty-bolsektep-tastady/

pixel