Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмолада өз досының үйін тонап кеткен ер адам сотталды

Опубликовано:

Ұры
Көрнекі фото: Polisia.kz

Ақмола облыстық полиция департаменті КПБ қызметкерлері Целиноград ауданының Қошқарбаев ауылында тұратын 58 жастағы тұрғынның өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашты деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 29 наурызында сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін белгісіз адамдар үйден 40 келі ет пен “Samsung” маркалы ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасаған адамның пластикалық терезені қысу арқылы үйге кіргенін анықтайды. Полиция үйде толық тексеру жүргізіп, қылмыс орнында саусақ іздерін алған. Сондай-ақ, барлық көршілерімен сұхбат жүргізеді.

Нәтижесінде 20 мамырда жедел полиция қызметкерлері ұрының кім екенін анықтады. Ол Нұр-Сұлтан қаласының 46 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ер адам өз кінәсін мойындаған. Ең қызығы, ол жәбірленушінің ұлының досы екені белгілі болды.

Күдікті бұрын жәбірленушінің үйінде болғанын, заттарын алу үшін оралғанда үйде ешкім болмағанын айтты. Нәтижесінде ол үйге кіріп, осындай қылмысқа баруды шешкен.

Ер адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі іс басталды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1913878-aqmolada-oz-dosynyn-uiin-tonap-ketken-er-adam-sottaldy/

pixel