Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халықаралық іздеу жарияланған Қазақстан азаматы Нұр-Сұлтанға жеткізілді

Опубликовано:

күдікті
Көрнекі фото: sputnik.kz

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Владимир Тұрғынов Беларусьтен экстрадицияланды деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Күдіктіге қару қолдану арқылы қарақшылық шабуыл жасау, адам ұрлау және 100 миллион теңгеден астам сомаға бөтеннің мүлкін ұрлауды ұйымдастырды деген айып тағылып отыр.

Қылмысты жасағаннан кейін Тұрғынов қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, шетелге қашып кеткен. Оған халықаралық іздеу жарияланды. Күдікті Беларусь елінен табылып, елге жеткізілді.

Қазіргі уақытта Тұрғынов Нұр-Сұлтан қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Ақмола облыстық полиция департаменті КПБ қызметкерлері Целиноград ауданының Қошқарбаев ауылында тұратын 58 жастағы тұрғынның өтініші бойынша бұрын жасалған қылмысты ашқаны туралы хабарлаған едік.

2021 жылдың 29 наурызында сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін белгісіз адамдар үйден 40 келі ет пен “Samsung” маркалы ұялы телефонды ұрлап кеткен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасаған адамның пластикалық терезені қысу арқылы үйге кіргенін анықтайды. Полиция үйде толық тексеру жүргізіп, қылмыс орнында саусақ іздерін алған. Сондай-ақ, барлық көршілерімен сұхбат жүргізеді.

Нәтижесінде 20 мамырда жедел полиция қызметкерлері ұрының кім екенін анықтады. Ол Нұр-Сұлтан қаласының 46 жастағы тұрғыны болып шықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913881-xalyqaralyq-izdeu-zariyalangan-qazaqstan-azamaty-nur-sultanga-zetkizildi/