RU

Алматыда тұрғындар шағымынан кейін стадион орнына құрылыс жүргізілмейтін болды

Карантин
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алматы қаласының Білім және Жайлы қалалық орта басқармалары Әуезов ауданындағы «Таугүл» шағынаудан тұрғындарының №2 Алматы мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық колледжін кеңейту туралы өтінішіне орай түсінік берді деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімдік стадионның қауіпсіздігіне қатысты алаңдаушылық білдірген тұрғындардың пікірін ескере отырып, сарапшылармен және халықпен бірқатар кеңестер мен кездесулер өткізілгенін атап өтті.

«Педагогикалық колледждің әлеуетін, сондай-ақ жақын маңдағы тұрғындардың мүдделерін кеңейтудің шұғыл қажеттілігін ескере отырып, келесі шешім ұсынылды: қолданыстағы аумаққа – стадионға тиіспей, колледж аумағында жаңа ғимарат салынады»,- делінген хабарламада.

Сонымен қатар тұрғындардың демалысы мен уақыттарын пайдалы өткізуі үшін стадион аумағы абаттандырылатыны, оны тұрғындардың пікірін ескере отырып жасалатыны айтылды. Жұртшылық бұл жерге еркін кіре алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913882-almatyda-turgyndar-sagymynan-keiin-stadion-ornyna-qurylys-zurgizilmeitin-boldy/