RU

Түнгі оннан кейін қабылдаған: Шымкентте ереже бұзған ойынхана иесі жазаланды

Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Шымкентте төтенше жағдай режимін бұзған ойынхана иесі анықталды деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 20 мамырында Еңбекші АПБ қызметкерлері Еңбекші ауданы аумағына тексеру жұмыстарын жүргізді.

Тексеру барысында “Теріскей” шағынауданы №67в үйде орналасқан “Империя” ойынханасының карантиндік талаптарды сақтамай жұмыс істеп жатқаны анықталды.

Сонымен қатар, “Ashyq” бағдарламасына тіркелмей, сағат 22:00-ден кейін келушілерді қабылдаған. Қызметкерлері ойынхана ішінде бір реттік бетпердені тақпай қызмет көрсетіп келген.

Анықталған жайтқа қатысты жинақталған материалдар шара қабылдау үшін Еңбекші ауданы бойынша Тауарлар мен көрсетілетін қызметтер сапасының қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданып, түсініктеме алынды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің "кәсіпкерлік нысандарында "Ashyq" жобасын енгізу туралы" жаңа қаулысы жарияланғаны туралы хабарлаған едік.

Құжаттың мәтіні ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайтында пайда болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913886-tungi-onnan-keiin-qabyldagan-symkentte-ereze-buzgan-oiynxana-iesi-zazalandy/