Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда серуендеп жүріп жоғалып кеткен қыз табылды

Опубликовано:

Жолда тұрған қыз
Көрнекі фото: pixabay.com

Көкшетауда серуендеуге шығып, жоғалып кеткен 15 жасар Валентинаны тәртіп сақшылары тапты деп жазады Sputnik Қазақстан.

Қыз аман-есен, оған қатысты ешқандай заңға қайшы әрекет жасалмаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жоғалып кеткен оқушы қызды іздеуге қылмыстық іздестіру, учаскелік полиция қызметкерлері және ювеналды полиция инспекторлары жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары айналаны тексеріп, қыздың туыстары мен достарынан жауап алды, оның қарым-қатынас жасайтын ортасын зерттеді. Көкшетау қаласының барлық камерасы қаралды.

"Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде қыз көп ұзамай Көкшетау көшелерінің бірінен табылды. Жасөспірім полиция бөліміне жеткізілді. Балаға қатысты қандай да бір заңға қайшы әрекет жасалмады", - деп ақпарат берді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.  

Естеріңізге сала кетейік, 2006 жылы туған Валентина Думина 21 мамырда кешкі сағат 18:30 шамасында жоғалып кетті. Серуендеуге шығып, қайтып оралмаған.

Әкесі қызы құрбыларымен бір жерге барып, жақын арада үйге келеді деп үміттенген.

Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі бөлімнің қызметкерлері қызбен әңгімелесті.

Полицейлер азаматтарды кәмелетке толмаған балаларына мұқият болуға және оларды қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ әрқашан олармен тіл табысуға шақырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913937-koksetauda-seruendep-zurip-zogalyp-ketken-qyz-tabyldy/

pixel