RU

Ақтөбеде желіде байқамай бар сырын айтып қойған әке 3 миллион теңге төледі

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ

Алименттен қашып жүрген жауапсыз әке әлеуметтік желіде пәтер алғанын жазғаннан кейін табылды деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Қызықты оқиға Ақтөбе облысында болды.

Қайырымсыз әке алимент төлеуден бұлтарған адам ретінде төрт жыл бойы іздеуде болған. Ол баласын асырауға ара-тұра 5 мың теңге ғана беріп жүріпті. Оның қарызы 3 миллион теңгеге (7 мың долларға жуық) жетіп, екі рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Борышкер жаңа пәтер алғаны туралы желіде жазба жариялап, өзінің қайда екенін байқамай айтып қойғанға дейін еш нәтиже болмаған.

Осы жағдайдан кейін жеке сот орындаушысы көрсетілген мекенжайға барған. Жаңадан қоныстанушы сот орындаушысымен төбелесіп, соңғысы полиция шақыруға мәжбүр болды.

Нәтижесінде ер адам баласына алимент бойынша барлық қарызын төледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913942-aqtobede-zelide-baiqamai-bar-syryn-aityp-qoigan-ake-3-million-tenge-toledi/