RU

ШҚО-да 2 адам суға батып кетті

Су
Көрнекі фото: pixabay.com

Шығыс Қазақстан облысында шомылу маусымы басталмай тұрып 2 адам суға кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көктем шығып күн жыли салысымен жұртшылық су жағасына барып демалуға асығады. Жағажайлардың ресми түрде әлі ашылмағаны көпшілікке тосқауыл емес. Соның салдарынан өңірде биыл 2 адам, оның ішінде 1 бала суға батып кетті.

"Адам өлімінің негізгі себептері - су айдындарындағы қауіпсіздікті сақтамау және ата-аналардың баланы қараусыз қалдыруы. Су айдындарында қайғылы оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар мен полицейлер апта сайын профилактикалық рейдтерге шығуда.

Өзен-суларға мониторинг жасап, әсіресе ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысымен өңірде шомылуға және спортпен айналысуға болатын 16 демалыс орны анықталды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Департамент мамандарының айтуынша, су айдынында болған кезде мас күйде шомылуға, қайықтардан, катерлерден суға секіруге, тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге тыйым салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913943-sqo-da-2-adam-suga-batyp-ketti/