Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақсайда Қызылорда облысының тұрғыны жерлесін пышақтап тастады

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақсай қаласында Қызылорда облысының тұрғыны жерлесін пышақтап тастады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 21 мамыр күні шамамен сағат 18.00-де болды. Қызылорда облысының 1993 жылғы тұрғыны 25 жастағы жерлесінің қолы мен кеуде тұсына пышақ сұққан.

"Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне (ауыр дене жарақатын келтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі кезде жәбірленуші жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды. Осы оқиғаға байланысты әлеуметтік желіде Ақсай қаласының 4-шағынауданында ер адамның жыныс мүшесін кесіп тастағаны жөнінде жалған ақпарат таралуда.

Бұл аудиожазба шындыққа сәйкес келмейді. Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес көрінеу жалған мәлімет таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын тұрғындар есіне саламыз", - деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда кондиционер орнатып жатқан ер адамның 9-қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1913947-aqsaida-qyzylorda-oblysynyn-turgyny-zerlesin-pysaqtap-tastady/

pixel