Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда іздеуде жүрген күдікті ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі сурет: pixabay.com

Таразда іздеуде жүрген күдікті ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 16 мамырында жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша іздестіріліп жатқан, қудалаудан бір жылға жуық уақыт жасырынған 23 жастағы күдіктіні ұстады.

Анықталғандай, іздестіріліп жатқан адам Тараз қаласындағы жалдамалы пәтерлерде жасырынып жүрген. Ұсталған ер адам тергеу изоляторына қамаққа алынды.

Айта кетейік, Көкшетауда серуендеуге шығып, жоғалып кеткен 15 жасар Валентинаны тәртіп сақшылары тапты.

Қыз аман-есен, оған қатысты ешқандай заңға қайшы әрекет жасалмаған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Жоғалып кеткен оқушы қызды іздеуге қылмыстық іздестіру, учаскелік полиция қызметкерлері және ювеналды полиция инспекторлары жұмылдырылды.

Тәртіп сақшылары айналаны тексеріп, қыздың туыстары мен достарынан жауап алды, оның қарым-қатынас жасайтын ортасын зерттеді. Көкшетау қаласының барлық камерасы қаралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913948-tarazda-izdeude-zurgen-qylmysker-ustaldy/

pixel