RU

Атырауда автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмды

Автобус
Көрнекі фото: NUR.KZ

Атырау қаласында автобус қаққан жаяу жүргінші көз жұмды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, жол-көлік оқиғасы 23 мамыр күні сағат кешкі 20:00 шамасында Вокзал маңы шағын ауданында болған.

"Жаяу жүргінші Берғалиев-Баймұханов көшелерінің қиылысындағы жолды белгіленбеген жерден өтпек болған. Сол кезде оны автобус қаққан. Өкінішке қарай, Атырау қаласының 1994 жылы туған тұрғыны оқиға орнында көз жұмды", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Бүгінде жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу басталды.

Еске салсақ, Оралда велосипед теуіп жүрген 11 жастағы екі баланы көлік қағып кеткені туралы жазған едік.

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков мәлім еткеніндей, зардап шеккендер түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметке қарағанда, 11 жастағы екі бала жабық бас-ми жарақатын алған, милары шайқалған.

Сонымен қатар, Ақтөбе облысы Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылында мемлекеттік нөмірі жоқ мотоцикл тізгіндеген 27 жастағы жүргізуші велосипед теуіп бара жатқан баланы қағып кеткен болатын.

Оған қоса, Талдықорғанда жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан үш қызды автокөлік қағып кеткен еді. Оқиға орында түсірілген видео әлеуметтік желіде тараған. Кадрда екі жедел жәрдем көлігі мен көлік кептелісі және көмекке ұмтылған адамдардың абыр-сабыр болып жатқаны көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913978-atyrauda-avtobus-qaqqan-zayau-zurginsi-koz-zumdy/