Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде коронавирус пен пневмониядан қанша науқас көз жұмғаны анықталды

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Getty Images

Елімізде коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 22 адам қайтыс болды. Бұл туралы мәліметтерді Денсаулық сақтау министрлігі ресми Telegram-каналында жария етті.

Елімізде 22 мамырдағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониядан төрт адам көз жұмған:

Алматы қаласы – 2

Ақтөбе облысы – 2

Ал коронавирустан қайтыс болғандардың саны 18 науқасты құрап отыр:

Нұр-Сұлтан қаласы – 5

Алматы қаласы – 2

Ақмола облысы – 1

Ақтөбе облысы – 1

Батыс Қазақстан облысы – 1

Қарағанды облысы – 4

Қызылорда облысы – 2

Павлодар облысы – 2

Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 832 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 375 014 жетті.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша сырқаттанушылық және өлім-жітім статистикасына қатысты түсініктеме бергенін жазған едік.

Одан бөлек, 23 мамырдағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары тұрғанын жазған болатынбыз.

Сонымен қатар, "сары" аймақта тұрған Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында банкет залдарының толтырылуын 30 пайыздан, қонақтардың жалпы санын 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілгенін жазғанбыз. 23 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914006-elimizde-koronavirus-pen-pnevmoniyadan-qansa-nauqas-koz-zumgany-anyqtaldy/

pixel