RU

729 адамның жағдайы ауыр: Коронавирус жұқтырғандарға қатысты ресми мәлімет шықты

Тәжвирус1
Көрнекі фото: Orhan Cicek/Anadolu Agency via Getty Images

Коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 24 мамырдағы ақпаратқа сәйкес, елімізде 729 адамның жағдайы ауыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

24 мамырдағы мәлімет бойынша, 33 002 адам коронавирус инфекциясынан (32 479 КВИ+ және 523 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 030 науқас стационарда, 19 972 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 729 адамның жағдайы ауыр;

- 178 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 99 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Айта кетсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың 1 832 жағдайы тіркелді. Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 375 014 жетті.

Оған қоса, денсаулық сақтау министрлігі елдегі коронавирустың эпидемиологиялық жағдайын бағалауға арналған матрицаны жариялаған еді. Бір күнде КВИ бойынша 2 өңір "сары" аймаққа, тағы 2 облыс "жасыл" аймаққа өтті.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің денсаулық сақтау министрлігі коронавирус бойынша сырқаттанушылық және өлім-жітім статистикасына қатысты түсініктеме бергенін жазған едік.

Сонымен қатар, "сары" аймақта тұрған Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданында банкет залдарының толтырылуын 30 пайыздан, қонақтардың жалпы санын 50 адамнан асырмай ас беруге рұқсат етілгенін жазғанбыз. 23 мамыр күні Шығыс Қазақстан облысы Бас санитар дәрігерінің қаулысына өзгерістер енгізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914020-729-adamnyn-zagdaiy-auyr-koronavirus-zuqtyrgandarga-qatysty-resmi-malimet-syqty/