Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев СҚО-ға қоныс аударғандарға салынған үйлердің сапасын тексеруді тапсырды

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Қазақстан облысында қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы ел президентінің баспасөз хатшысы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Мемлекет басшысы "Казахстанская правда" газетінде 24 мамыр күні жарияланған "Заложники равнодушия" атты мақалада айтылған мәселеге назар аударды. Президент әкімшілігіне Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданына қоныс аударған азаматтарға арналып салынған тұрғын үйлердің сапасын тексеру туралы тапсырма берілді. Тексеру жұмыстарының қорытындысы бойынша тиісті шара қолданылады", - деді Берік Уәли.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында қонақтарды қазақ халқының қонақжайлығына күмәнданбауға шақырған болатын.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы пандемияға байланысты бейнебайланыс форматында өтіп жатқанын бұған дейін жазған едік. Осы орайда Беларусь президенті Лукашенко жүзбе-жүз кездесудің мүмкін болмағандығына өкінішін білдірді.

Лукашенкоға жауап берген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқының қонақжайлығына күмәнданбауға шақырды.

"Александр Григорьевич, дәстүрлі есте қаларлық сөзіңіз үшін алғыс айтамын. Әріптестеріме айтарым: біздің қонақжайлығымызға күмәнданбаңыздар, кездесуді онлайн өткізу туралы шешімді бәріміз ақылдасып қабылдадық. Біз мемлекет басшыларының денсаулығы мен қауіпсіздігіне алаңдаймыз. Індет әлі басылған жоқ, сол себепті сақтанып жүрген абзал", - деді президент.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914025-toqaev-sqo-ga-qonys-audargan-azamattarga-salyngan-uilerdin-sapasyn-tekseru-turaly-tapsyrma-berdi/

pixel